Accessibility links

Сирия армиясы Дераада 48 сағаттық бітім жариялады


Дераа маңындағы Сирия армиясының танкі. (Көрнекі сурет.)

Сирияда үкімет армиясы Дераа қаласы маңайында 48 сағаттық бітім жариялады деп хабарлайды Reuters. Бұл ауданда Башар Асад режимі әскері ирандық қарулы топтардың көмегімен оппозиция күштеріне қарсы соғысып жатыр. Үкімет әскерінің өкілдері соғыс қимылдарын уақытша тоқтату - "ұлттық бітімге бағытталған күш-жігерге қолдау білдіру" мақсатын көздейтінін мәлімдеген.

АҚШ бітімді құптап, Сирия оппозициясын оған қосылуға және гуманитарлық жүк жеткізуге мүмкіндік жасауға шақырды.

Лондонда орналасқан сириялық құқық қорғаушылар әзірше оқ атпау режимі сақталып тұрғанын хабарлады.

Сенбіде БҰҰ Женевада шілденің 10-ы күні Сирия бойынша бейбіт келіссөздердің жаңа кезеңін бастау жоспарланып отырғаны туралы жариялады.

Ресей шілденің 4-5 күндері Қазақстан астанасында Сирия жөніндегі келіссөздер жалғасады деп үміттенетінін білдірді.

Сирияда алты жылға созылған азамат соғысы барысында жүздеген мың адам қаза тауып, 11 миллионнан аса адам мекен-жайын тастап, бассауғалауға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG