Accessibility links

Жерорта теңізінде үш мыңға жуық мигрант құтқарылған


Жерорта теңізінің Ливия жағалауына жақын тұсында қайықпен Еуропаға бет алған миграттар. (Көрнекі сурет.)
Жерорта теңізінің Ливия жағалауына жақын тұсында қайықпен Еуропаға бет алған миграттар. (Көрнекі сурет.)

Жерорта теңізінде маусымның 16-сы күні үш мыңға жуық мигрант құтқарылғаны туралы Италияның жағалау күзеті қызметі хабарлады.

Сенбі күні 20-дан аса құтқару операциясына Еуропа Одағының Жерорта теңізіндегі арнайы гуманитарлық миссиясы (EUNAVFOR), еуропалық Frontex шекара агенттігі, үкіметтік емес ұйымдар, сауда кемелері, Италия мен Ливияның жағалау күзеті қызметтері қатысқан.

Бір ғана Ливия жағалауына жақын маңда резеңке және ағаш қайықтарға мініп жүзіп бара жатқан 900-ден аса заңсыз мигрантты теңізден тауып, жағаға жеткізген.

Жыл сайын Ливиядан Италияға 60 мыңнан аса босқын теңіз арқылы қауіпті сапарға шығады. Заңсыз адам тасымалдаумен айналысатындар Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи режимі құлап, азамат соғысы басталғаннан кейін орнаған аласапыранды өз мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысады.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, биылғы жыл басынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы жетпек болғанда опат болғандар саны 1800 адамнан асқан.

XS
SM
MD
LG