Accessibility links

Португалияда ормандағы өрт құрбандарының саны 40 адамнан асқан


Португалия орманындағы өрт. 18 маусым 2017 жыл.
Португалия орманындағы өрт. 18 маусым 2017 жыл.

Португалияда орман-тоғайдағы өрттен қаза болғандар саны 43 адамға жеткен. Бұл туралы елдің ішкі істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Хорхе Гомес мәлімдеген. Өрт салдарынан 59 адам зардап шеккен. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, аурухана ауыр халде жатқан бес адамның бірі – бала.

Өрт болып жатқан Лейрия округіндегі Педроган-Гранди кентінде төтенше жағдай жарияланған. Өрт болып жатқан аймақтағы тұрғындар ол жерден кетуге тырысып жатыр.

Бұған дейін сенбіде шыққан өрт салдарынан 25 адамның қазаға ұшырағаны жайлы ақпарат тараған. Баспасөз құралдары Фигейро-душ-Виньюш және Каштаньейра-ди-Пера арасындағы жол бойында өрттен шыға алмай қалған 16 адамның автокөліктерімен қоса жанып кеткені туралы хабарлаған.

Ыстық ауа райы мен қатты жел орманда тұтанған өрттің тез жайылуына себеп болған деп хабарлайды Reuters.

Жексенбідегі таңертеңгі мәліметте өртті ауыздықтауға 700-ге жуық өрт сөндіруші және 224 көлік жұмылдырылғаны туралы айтылған. Португалия президенті Марселу Ребелу ди Соза өрт болып жатқан аймаққа барған.

XS
SM
MD
LG