Accessibility links

Алматы облысында жер сілкінді


Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 239 километр қашықтықта 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Алматы уақыты бойынша 13 сағат 46 минутте тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, жердің 20 километр терең қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.3.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG