Лондонның Финсбери паркі ауданындағы мешіт маңында фургон жаяу жүргіншілерді қағып өтті. Полицияның хабарлауынша, 19 маусымға қараған түн ортасында болған оқиғадан соң бір адам ұсталды. Ұлыбританияның мұсылман кеңесі Twitter-де оқиғаның Финсбери паркіндегі мешіт маңында болғанын және фургонның мешіттен шыққан жаяу жүргіншілерге әдейі соқтыққанын жазды.
Британдық Sky News телеарнасы мен BBC оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап, он шақты адамның жараланғанын хабарлады. Бұл оқиғаның терроризммен байланысы бары, я кездейсоқтықпен жасалғаны әзірге белгісіз. Бірақ Sky Newsтің хабарлауынша, оқиға орнында қарулы полиция қызметкерлері жүр.