Accessibility links

Сауалнама: Макрон партиясы Франция парламентінде көпшілік орынға ие болмақ


Франция президенті парламент сайлауында дауыс беріп тұр. 18 маусым 2017 жыл.
Франция президенті парламент сайлауында дауыс беріп тұр. 18 маусым 2017 жыл.

Францияда сайлау учаскелерінен алынған сауалнама қорытындысы бойынша, президент Эммануэль Макронның "Алға, Республика!" партиясы парламенттегі көпшілік орынға ие болуы мүмкін. Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, Макронның партиясы 577 орындық Ұлттық Ассамблеяда 355-тен 425-ке дейін орын иеленуі ықтимал.

Егер бұл болжамдар расталса, республикашылдар мен елді Франсуа Олланд президент болған кезден бері басқарған социалистер биліктен айырылуы мүмкін. Дегенмен, Макрон партиясының басымдығы күткендегідей болмай тұр. Сонымен қатар, сайлауда дауыс берген азаматтары саны 2012 жылғы сайлау көрсеткішімен салыстырғанда төмен шамамен 35 пайыз).

Макрон сайлау қарсаңында елдің қатаң еңбек кодексін жұмсартып, мемлекеттік сектордағы ондаған мың жұмыс орнын қысқартатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG