Accessibility links

Шымкентте топырақ басқан жұмысшыларды құтқарушылардың бірі ауруханаға түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкентте топырақ астында қалып қойған төрт жұмысшы ауруханадан шығарылды, құтқару кезінде жарақат алған төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері емделіп жатыр деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Зарипа Тұрысбекова.

- 19-маусым күні сағат 16:00-шамасында Шымкент қаласы Тастақ көшесі №112 үйдің алдында "Югсантехмонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері кәріз жүйесін жүргізу кезінде тереңдігі 4,5 метр, ұзындығы - 10 метр шұңқырдың қабырғасы құлып, аталған мекеменің төрт жұмысшысын топырақ басып, жарақат алды, - дейді Зарипа Тұрысбекова.

Оның айтуынша, үйіндінің астынан шығарылған жұмысшылар Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. "Азаматтар түнгі сағат 23:00-де үйіне қайтарылған" дейді ол.

- Жұмысшыларды құтқару кезінде үйіндінің астында қалып, орташа деңгейгеді дене жарақатын алған департамент қызметкері Мұхит Ибрагимов травматология бөлімшесінде жатыр. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлықтай. Оқиғаның себебін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті анықтап жатыр, - дейді Зарипа Тұрысбекова.

XS
SM
MD
LG