Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Ананьево ауылында газ құю бекетінде болған жарылыстан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 19 маусым күні түстен кейін болды.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан екі адам қайтыс болды, олардың бірі - жас бала. Тағы сегіз адам жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Олардың денсаулық жағдайлары аса ауыр деп бағаланып отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыс "Газпром" компаниясына қарасты бекетте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллондары жарылған.
Жарылыс себептері анықталып жатыр.