Accessibility links

Статистика: Қазақстандықтар азық-түлікке көп шығындалатын болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандағы кедейлер мен байлардың арасындағы өмір сүру сапасында азық-түлікті тұтыну бойынша айырмашылық тамаққа жұмсалатын шығын артып, баға көтеріліп жатқан тұста артып отыр дейді сарапшылар. Қазақстандағы бағалардың қымбаттап, шынайы табысы азаюына байланысты халықтың әлсіз қорғалған топтары азырақ тамақтануға мәжбүр, тұтыну көлемінің азаюы негізгі азық-түлік түрлерінің барлығында бірдей байқалып отыр делінген Ranking.kz сайтында жарияланған зерттеуде.

2017 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша, қазақстандық отбасыларында жалпы тұтыну тауарларында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығын 45,9 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылы қаңтар-наурыз айларында 44,4 пайыз болған. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметіне негізделіп жасалған Ranking.kz есебінше, азық-түлікке жұмсалатын шығын 2015 жылдан бері артып келеді.

2016 жылы алғашқы тоқсанда орта есеппен ауқатты тұрғындардың 10 пайызы тұтынған азық-түлік ауқатты емес қазақстандықтардың 10 пайызы тұтынған азық-түліктен екі жарыс есеге көп болған. Биыл қаңтар-наурыз айларында бұл айырмашылық сегіз пайызға ұлғайған.

XS
SM
MD
LG