Accessibility links

"Росатом" "Аккую" жобасындағы 49 пайыз үлесін Түркияға сатады


Түркия премьер-министрі Танер Йылдыз (сол жақта) бен "Росатом" басшысы Сергей Кириенко Түркияның оңтүстігіндегі "Аккую" АЭС-і құрылысын бастау салтанатында.
Түркия премьер-министрі Танер Йылдыз (сол жақта) бен "Росатом" басшысы Сергей Кириенко Түркияның оңтүстігіндегі "Аккую" АЭС-і құрылысын бастау салтанатында.

Ресейдің мемлекеттік "Росатом" ядролық-энергетикалық конгломераты Түркияның оңтүстігіндегі ірі "Аккую" жобасындағы үлесінің 49 пайызын түрік инвесторларына сатуға келісті. Келісім сомасы айтылмайды. "Росатомның" "Аккуюдағы" үлесі түркиялық энергетикалық Cengiz, Kolin және Kalyon компанияларына сатылған.

"Росатомның" хабарлауынша, түпкілікті келісімге жылдың соңына дейін қол қойылмақ. Төрт блоктан тұратын "Аккую" атом электр станциясының (АЭС) құрылысы 2015 жылы сәуірде басталған. Жоба құны 20 миллиард долларға бағаланып отыр. "Росатом" басшының орынбасары Кирилл Комаровтың ақпаратына қарағанда, АЭС 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

"Росатом" жобадағы 51 пайыз үлесін сақтап қалады. Компания Ресейдің шетелдегі жобаларға шетелдік компнаиялардың мұндай ірі көлемде инвестиция салуы бірінші рет болып отырғанын айтады. Комаров 19 маусымда келісімге қол қойған соң тараптар акционерлер мен Түркия үкіметінің мақұлдауын алып, келісімді жылдың соңына дейін аяқтамақ ниетте екенін айтты.

"Аккую" - ТҮркиядағы Жерорта теңізінің жағалауына салынатын алғашқы АЭС. Жоба көмірсутегі ресурсы жоқ Түркияның энергетикалық тәуелділіктен құтылу талпынысы деп бағаланып отыр.

XS
SM
MD
LG