Accessibility links

Апелляциялық сот "Иегова куәгерлері" өкілінің үкімін өзгертпеді


"Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің мүшесі Теймур Ахмедов. Астана, 27 наурыз 2017 жыл.
"Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің мүшесі Теймур Ахмедов. Астана, 27 наурыз 2017 жыл.

Астана қалалық соты "Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің өкілі Теймур |Ахмедовтің апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты. 61 жастағы Ахмедовті 2 мамырда Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты "діни араздық тудырды" деп айыптап, бес жылға соттаған.

Адвокат Наталья Кононенконың айутынша, қалалық сот жарты күнде Ахмедовтің апелляциялық шағымын қарап, шешім шығарған. Үкім осымен күшіне енген. Сот апелляциялық шағымды қарау барысында адвокаттың барлық өтініштерін қабылдамай тастаған.

Айыптаушы тараптың болжамынша, Теймур Ахмедов куәгер ретінде танылған студенттердің пәтерінде, оның бұрынғы "діндесі" – Астана тұрғыны Асаф Гулиевтің пәтерінде және Ахмедовтің үйінде теледидар көріп отырған кезде ислам мен православие діндері туралы ұнамсыз сөздер айтып, "бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы ауыр қылмыс" жасаған. Әлгі үш жерде де оның әңгімелерін өздерін Астанадағы Еуразия ұлттық университеті студенттеріміз деп атаған бірнеше жас жігіт тыңдаған. Сотта олардың кейбірі университетте мәдениеттану мамандығын оқитынын мәлімдеген.

"Иегова куәгерлері христиан орталығының" Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде бұған дейін Азаттыққа берген комментариінде Теймур Ахмедовке шыққан сот үкімін айыптайтынын мәлімдеген. Ал "халықаралық органдар, оның ішінде БҰҰ-ның адам құқөықтары жөніндегі комитеті мен АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссиясы Қазақстан билігін "заңды қарапайым дін ұстанушыларды қудалау мақсатында қолдануды тоқтатуға" шақырған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG