Accessibility links

Ақтөбеде түрме қызметкерлерінің соты басталды


Ақтөбе облысының картасы
Ақтөбе облысының картасы

20 маусымда Ақтөбеде қылмыстық атқару жүйесінің үш қызметкеріне қатысты сот басталды. Тергеу оларды қылмыстық кодекстің 146-бабындағы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша "тұтқынды азаптады" деп айыптап отыр. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу материалдарына қарағанда, Ақтөбедегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген Сұлтанбек Нұржановты қылмыстық атқару жүйесінің үш қызметкері соққыға жығып, басын қабырғаға ұрған. Аузына шүберек тығып, қолын камераның есігіне қайыра байлап тастаған.

Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері Гумар Ержанов, Дәми Суқашев пен Дәулет Баймановтың ісін Ақтөбе қалалық соты 20 маусым күні қарай бастады. Үш сотталушы өздеріне тағылған айыпты теріске шығарады. Сот отырысы 21 маусымда жалғасады.

XS
SM
MD
LG