Accessibility links

Тәжікстанда қажылыққа баратындар жасына шектеу қойылды


Қажылық сапарына шыққан Тәжікстан азаматтары (Көрнекі сурет).
Қажылық сапарына шыққан Тәжікстан азаматтары (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда жасы 40-қа толмаған бірнеше азамат үлкен қажылыққа бара алмайды. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, қажылыққа қырыққа толғандар ғана бара алады, умра немесе кіші қажылық жасауға жас шектеуі қойылмайды.

Дін істері жөніндегі комитет қажылыққа барушылардың жас шектеуі 35-тен 40 жасқа өзгертілгенін растады. Билік мұны "қарт кісілердің қажылыққа баруына мүмкіндік беру үшін жасалды" деп түсіндірді.

Дегенмен, комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, қажылық сапар жасағысы келгендер саны осы өзгерістен соң әлдеқайда азайған. Жүздеген қарт балаларының көмегінсіз сапарға шығудан бас тартқан.

Өткен жылы 6 мың тәжікстандық қажылыққа барған. Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті Сауд Арабиясының қажылық квотасын 8 мыңға дейін көбейтуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG