Accessibility links

Министрлік: Астананың авиациялық кодын өзгерту жұмысы басталды


Астана әуежайы.
Астана әуежайы.

Астана әуежайының авиациялық кодын ауыстыруға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр деп хабарлады индустрия және даму министрлігінің өкілі Мұрат Жұманбайға сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

Жұманбайдың сөзінше, қазір министрліктің азаматтық авиация комитеті әуежаймен бірге халықаралық әуе транспорты ассоциациясымен авиациялық кодты өзгерту жұмысын бастаған. Ол әуежайға қандай код берілетіні әзірге белгісіз екенін айтады.

Сәрсенбіде Қазақстан үкіметі Астана әуежайына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын бергені белгілі болған.

XS
SM
MD
LG