Accessibility links

Брюссель: Жарылыс жасамақ болған күдіктінің аты-жөні анықталды


Брюссельдегі Орталық вокзал алдын күзетіп жүрген сарбаздар. Бельгия, 21 маусым 2017 жыл.
Брюссельдегі Орталық вокзал алдын күзетіп жүрген сарбаздар. Бельгия, 21 маусым 2017 жыл.

Тергеушілер Брюссельдің Орталық вокзалында теракт жасамақ болды деген күдіктінің Мароккодан шыққан 36 жастағы адам екенін атады. Бельгия федералдық прокуратурасының өкілі күдікті бұған дейін терроризм ісі бойынша ксезікті болмағанын хабарлады. Оның Моленбек-Сен-Жан коммунасындағы үйінде тінту жүргізілген.

Прокуратура аты-жөні аталмаған күдіктіде жарылғыш заты бар құрылғы болмағанын айтты. Полиция ер адамды "Аллаху акбар" деп айқайлап, қашқан кезде атқан. Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель бұған дейін әскерилердің әрекеті ірі терактінің алдын алған болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Биліктің ұйғарымынша, шабуыл жасаған адамның өзімен бірге көп көлемде жарылғыш заты болған, бірақ оның аз ғана бөлігі жарылған.

Шарль Мишель Бельгия қауіпсіздікті күшейтетін қосымша шаралар жасайтынын айтты. Шабуыл 20 маусым күні кешке болған. Күдікті сөмкесіндегі жарылғыш құрылғыны іске қоспақ болған. Жарылыс қуаты әлсіз болғандықтан вокзалда болған адамдардың ешқайсысы зардап шекпеген. Күдіктіні әскерилер атып, біраз уақыттан соң оқиға орнына барған саперлер сөмкедегі қалған жарылғыштарды залалсыздандырған.

XS
SM
MD
LG