Accessibility links

АҚШ билігі: Әуежайдағы шабуылда теракт жасауға талпыныс болған


Монреаль полициясы АҚШ-тың Мичиган штатында ғы әуежайда полицияға шабуыл жасады деген күдікті Амур Фтухи тұрған үйді күзетіп тұр. Канада, 21 маусым 2017 жыл
Монреаль полициясы АҚШ-тың Мичиган штатында ғы әуежайда полицияға шабуыл жасады деген күдікті Амур Фтухи тұрған үйді күзетіп тұр. Канада, 21 маусым 2017 жыл

АҚШ-тың Мичиган штатында әуежайда канадалық азамат "Аллаху акбар" деп айқайлап, полиция қызметкеріне соқтықты. АҚШ билігі 21 маусымда болған бұл оқиғаны террорлық акт жасауға талпыну деп бағалап отыр.

Квебектің 49 жастағы тұрғыны Амор Фтухи бірден қамауға алынып, зорлық-зомбылық жасады деген сезікке ілінді.

Федералдық тергеу бюросының арнайы агенті Дэвид Гелиостың айтуынша, шабуыл терроризм актісі ретінда қарастырылып отырғанымен, қазір күдіктінің "кең ауқымды астыртын сөз байласуға" қатысы бары туралы дәлел жоқ.

"Қазір біз жалғызілікті әрекет еткен шабуылдаушы деп қарастырып отырмыз. Бізде оның қандай да бір дайындықтан өткені туралы ақпаратымыз жоқ" деді Гелиос.

Қылмыстық істе Фтухидің полиция қызметкері Джефф Невилльге "Аллаху акбар" деп айқайлап, үлкен пышақпен шабуылдағаны айтылады. Федералдық тергеу бюросының ақпаратына қарағанда, Фтухи "сендер Сирия, Ирак пен Ауғанстанда адамдарды өлтіріп жатырсыңдар және біз де өлейін деп жатырмыз" деген мағынадағы сөз айтқан

Ресми билік шабуылға ұшыраған полиция қызметкері емделгенін, қазір жағдайы қанағаттанарлықтай екенін айтады.

XS
SM
MD
LG