Accessibility links

Алматыда жолаушы тасымалдайтын екі автобус соқтығысып қалған


Алматы көшесіндегі жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет.)
Алматы көшесіндегі жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет.)

Алматыда бүгін 17-маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайтын екі автобустың жол-көлік апатына ұшыраған. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. СТВ телеарнасы келтірген алдын ала мәлімет бойынша, жолы апатынан алты адам зардап шеккен.

Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек берген ақпаратта қарама қарсы бағытта келе жатқан екі автобустың Тобаяқов көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысар тұсында қақтығысып қалғаны айтылған.

Оқыс оқиға салдарынан ағаш сынып, бірнеше автокөлік зақымданған. Соқтығысқан автобустарда жолаушылар болған. Зардап шеккендер саны мен келген зиян мөлшері анықталып жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG