Accessibility links

Ресейде "Болотный ісімен" сотталған Панфиловтың үкімі күшінде қалды


"Болотный ісі" бойынша сотталған Максим Панфилов.
"Болотный ісі" бойынша сотталған Максим Панфилов.

Мәскеу соты "Болотный ісі" бойынша сотталған Максим Панфиловқа шыққан үкімді заңды деп таныды. Панфиловты жабық үлгідегі психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емдеуді жалғастырады.

Оның адвокаты Сергей Панченко үкіммен келіспейтінін айтып, Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағым түсіретіні туралы мәлімдеді. Адвокат сонымен бірге "Панченко адамдарға қауіп төндірмейтіндіктен", оны мәжбүрлі түрде ауруханада ұстау мерзімін қысқартуға күш салатынын айтты.

Наурыз айында Ресей соты Максим Панфиловты 2015 жылғы мамыр айында Мәскеудің Болотный алаңындағы оқиғалар кезінде билік өкіліне күш көрсеткені үшін айыпты деп таныған. Сот үкімінде Панфиловтың полицияның арнайы жасағы қызметкерінің дулығасын жұлып алып, "оның денесін ауыртқаны" айтылған.

Панфиловтың өзі жаппай тәртіпсіздіктерге қатыспағаны туралы мәлімдеген. Мәскеудің Сербский атындағы институтының мамандары ол Туретт синдромымен ауыратындықтан іс-әрекетіне жауап бере алмайтын халде деген қорытынды жасаған.

Адвокаты Панфилов тұрғылықты жерінде амбулаториялық ем алуы тиіс деп санайды. "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Максим Панфиловты саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG