Accessibility links

Мәскеуде Алмазбек Атамбаевтың әндер жинағы саудаға түсті


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың «Судьбе назло» атты әндер жинағының сырты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың «Судьбе назло» атты әндер жинағының сырты.

Мәскеуде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың "Судьбе назло" ("Тағдырмен тайталас") атты әндер жинағы сауда орындарына түсті. Қырғыз президентінің орындауында орыс тіліндегі он әннен тұратын жаңа күйтабақты оны шығарған "Мелодия" фирмасының ресми сайты арқылы да сатып алуға болады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Атамбаев музыка авторы ғана емес, кей әндерге өлеңді де өзі жазған деп көрсетілген.

Ресей астанасында мемлекеттік сапармен жүрген Алмазбек Атамбаев кеше күйтабақтың "Мелодия" фирмасының бастамасы бойынша шыққаны туралы мәлімдеген.

Қырғызстан конституциясы бойынша, Алмазбек Атамбаевтың президенттік өкілеттігі биыл күзде аяқталып, оның орнына басқа саясаткер сайлануы тиіс. Сыншылар конституцияға жақында енгізілген өзгертулер президент қызметінің маңызын бұрынғыдан төмендеткеннен кейін, Атамбаев премьер-министр қызметіне келіп, ел жетекшісі болып қала беруді көздейді деп санайды.

XS
SM
MD
LG