Accessibility links

Астана Сирияға әскер жіберу жайлы келіссөз жүргізіп жатпағанын айтты


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет).

Астана Сирияға әскерін жіберу мәселесі бойынша ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ).

Министрліктің баспасөз қызметі 23 маусымда таратқан ақпаратқа қарағанда, Қазақстан үшін тіпті "әлемнің кез-келген қақтығыс аймақтарына бітімгерлік күштерін жіберу мүмкіндігін қарастыру" үшін де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары мен осы ұйымның тиісті мандаты болуы керек.

Бұған дейін Түркия мен Ресейдің Қазақстан мен Қырғызстанға Сирияға әскер жіберу туралы ұсыныс жасағаны хабарланған. Associated Press агенттігінің ақпаратына қарағанда, Ресей Мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің басшысы Владимир Шаманов 22 маусымда Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан "Сириядағы деэскалация туралы келісімге мониторинг жасауға әскер жіберуді сұрағанын" хабарлады.

СІМ хабарлауынша, Сирияда құрылады деп жоспарланған төрт деэскалация аймағының тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін Сирия келіссөзі бойынша гарант елдер (Ресей, Түркия және Иран) 4-5 шілдеде Астанада өтетін Сирия келіссөзінің кезекті жиынында талқылайды.

Азаттықтың осы тақырыпқа жақын "Қазақстан "гибрид соғысқа" тойтарыс беруге әзір ме?" деген мақаласын оқыңыз.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG