Accessibility links

Алматыда тұрғындар сот орындаушыларына даулы автотұрақты сүргізбеді


Автотұрақ жері үшін тартыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00

Автотұрақты сүруге келген арнайы техниканы тұрғындар өткізбеді. Азаттық видеосюжеті. 23 маусым 2017 жыл.

Алматының Бостандық ауданында орналасқан даулы автотұраққа қатысты бес жыл бұрын шыққан сот шешімін орындату үшін бүгін ол жерге барған өкілетті адамдар тағы да тұрғындар қарсылығына кезікті. Автотұрақты қоршауға алған тұрғындар оны сүруге келген арнайы техниканы өткізбей қойды.

Азаттық Алматының экологиялық тұрғыдан таза әрі көрікті жерінде орналасқан автотұрақ жеріне қатысты тұрғындар мен құрылыс компаниясы арасындағы даулы мәселе туралы бұған дейін хабарлаған. Автотұрақ орнына көпқабатты үй салуды жоспарлаған «Тамерлан» компаниясы басшылығы құрылыс жүргізуге құқық беретін барлық заңды құжаттары барын алға тартады. Бірақ үй құрылысын жүргізуге оған келіспей отырған тұрғындардың ұзақ жылдар бойы пайдаланып келген автотұрақтағы орындарынан айырылғысы жоқ.

Бұған дейін Бостандық ауданы архитекторы Мұхтар Исаев автотұрақ тұрған жер үй салатын құрылыс компаниясына әкімдік қаулысымен заңды түрде жалға берілгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG