Accessibility links

Дау тудырған автотұрақ орны


Алматыда автотұрақ тұрған жер дауға себеп болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:52 0:00

Алматыда автотұрақ тұрған жер дауға себеп болды

Алматыда құрылыс компаниясы мен тұрғындар арасында жерге талас шықты. Көлік тұрағынан айырыламыз деп күдіктенген тұрғындар жиын ашып, аудан әкімдігінің өкілін шақырды. Дауға ұласқан кездесуде екі жақ ортақ мәмілеге келе алмай тарқасты.

Жұма күні Алматы қаласындағы Бостандық ауданы аумағындағы автотұрақтардың бірінің орнына салынатын құрылысқа тұрғындар наразылық білдіріп, жиын өткізді. Даудың басы әл-Фараби даңғылынан сәл төменіректе, қаланың экологиялық тұрғыдан таза әрі көрікті жерінде тұрған автотұрақ орнынан шықты. Күн сайын жүздеген автокөлік кіретін тұрақ жеріне үй салуды жоспарлаған «Тамерлан» компаниясы биыл маусымның 12-сінен бастап жерді босатуды талап еткен.

Тұрғындардың пікірінше, олар пайдаланатын автотұрақтан айырылу өз алдына - "жанынан өзен ағып жатқан жерге үй салу да қауіпті". Кейбір адамдар бұл жерге зәулім үй тұрғызылса, төңіректегі үйлерге күн түсірмеуі мүмкін деп есептейді.

Тұрғындардың бірі Өмірзақ Шынжырбайұлы "болашақ құрылыс үшін назарға алынған аумақ тар" екенін айтады.

– Мынандай көлемі шағын ғана жерге 13 қабатты үй тұрғызбақшы. Ал автотұрақты, ондағы 500 машинаны лақтырып тастаса, олар қайда барады? – дейді ол.

Тағы бір тұрғын Мәкеш Жүнісова өздерінің бес қабатты үйлері 13 қабатты ғимараттың көлеңкесінде қалып қояды деп қауіптенеді.

– Біз сонда түнекте тұрамыз ба екен? Құрлыс салатындар біздің құқығымызды аяқасты етіп жатыр. Олардың бұлай жасауына хақы жоқ, – дейді ол.

Жиынға әкімдік атынан келген Алматы қаласы Бостандық ауданының архитекторы Мұхтар Исаевтың сөзіне қарағанда, автотұрақ тұрған жер үй салатын құрылыс компаниясына әкімдік қаулысымен заңды түрде жалға берілген.

Ал автотұрақ жерін босатуды талап еткен «Тамерлан» компаниясының өкілі Уәлихан Бекбасовтың айтуынша құжаттар түгел, бәрі де заңға сай жасалған.

– Бұл жерден ешкім де қалай болса, солай құрлыс салайын деп жатқан жоқ қой. Алматы қаласының жоспарына сәйкес ғимарат тұрғызбақпыз. Бұл жердегі құрылыс әуелде 2015 жылы басталуы керек еді. Кейіннен 2016 жылға қалды. Енді биыл салынбақшы, – дейді ол.

Уәлихан Бекбасовтың айтуына қарағанда, автотұрақ маңындағы үй тұрғындарына тиесілі 70-80 шамалы көлікке арнайы ашық автотұрақ салынады.

– Ал қалғандары бұл аудандікі емес. Төңіректі түгел абаттандырып, тұрғындардың демалысына жағдай жасаймыз. Өзге үйлерге түсетін күн сәулесін де жаппаймыз, – дейді құрылыс компаниясының өкілі.

XS
SM
MD
LG