Accessibility links

Ресей Сириядағы ИМ тобына әуеден соққы бергені туралы мәлімдеді


Ресей қорғаныс министрлігі жариялаған видеодан скриншот. 23 маусым 2017 жыл.
Ресей қорғаныс министрлігі жариялаған видеодан скриншот. 23 маусым 2017 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Жерорта теңізіндегі кемелерден Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы позицияларын көздеп зымыран соққысын бергені туралы мәлімдеді. Бүгін жарияланған мәлімдемеде "Адмирал Эссен" және "Адмирал Григорович" фрегаттары мен "Краснодар" сүңгуір кемесінен ұшырылған алты "Калибр" қанатты зымыраны Сирияның Хам провинциясындағы Акирабат ауданындағы ИМ тобының басқару бекеттері мен қару-жарақ қоймаларын нысанаға алғаны туралы айтылған.

Ресей әскери министрлігінің мәлімдемесінде сонымен бірге ресейлік әскери ұшақтар "ИМ содырларының қалған бөлігі мен олар пайдаланған нысандарды жойды" делінген. Бірақ аталған соққылардың қай уақытта берілгені нақты көрсетілмеген.

Мәскеу бұған дейін де Сириядағы радикалды жихадшылар позицияларына Жерорта теңізінен соққы берген. Сирия президенті Башар Асадтың негізгі жақтасы Ресей Сириядағы әскери әуе операцияларын 2015 жылғы қыркүйекте бастаған.

XS
SM
MD
LG