Accessibility links

Шымкенттегі жанармай қоймасындағы өрт сөндірілді


Шымкенттегі жанармай құю станцияларының бірі. (Көрнекі сурет.)
Шымкенттегі жанармай құю станцияларының бірі. (Көрнекі сурет.)

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы "Шымкент мұнай өнімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай қоймасындағы өрт бүгін таңертең толық өшірілген. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлаған.

"190 шаршы метр аумақты шарпыған өрт маусымның 24-і күні таңертеңгі сағат 06:40 кезінде өшірілді. Оны жоюға 36 техника бірлігі, 2 өрт сөндіру пойызы және 360 адам жұмылдырылды" деді Иманқұлов.

Жұма күні таңертеңгі сағат 8-дің шамасында Шымкенттегі "Шымкент мұнай өнімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өрт шыққаны туралы төтенше жағдай қызметіне дабыл түскен. АИ-92 маркалы бензин сақталатын мұнай қоймасындағы өрт салдарынан серіктестіктің 1971 жылы туған қызметкері қазаға ұшыраған.

Өрттің неден шыққанын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG