Accessibility links

Теміртау білім бөлімі экс-басшысына парақорлығы үшін айыппұл салды


Теміртау білім бөлімінің экс-басшысына пара алғаны үшін айыппұл салды деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Сот қалалық білім бөлімінің бұрынғы бастығы Бақшагүл Рахимованы "пара алу" қылмысы үшін айыпты деп танып, оған алған парадан жетпіс есе көп, яғни 5 миллион 600 мың теңге айыппұл салу және мүлкін тәркілеу туралы үкім кескен. Рахимова өзіне тағылған айыпты мойындайтыны туралы прокурормен процессуалдық келісім жасаған.

Тергеу материалдарында Бақшагүл Рахимованың жергілікті балабақша директорлары мен кәсіпкерден пара алған бес оқиға анықталғаны айтылған. Оны биыл қаңтар айында жұмыс кабинетінде Теміртаудағы балабақшалардың бірінің басшысынан 20 мың теңге пара алып жатқан кезінде ұстаған.

Сот шешімі бойынша Бақшагүл Рахимова өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқынан айырылған.

XS
SM
MD
LG