Accessibility links

Киев соты "Страна.ua" сайтының бас редакторын қамады


Игорь Гужва.
Игорь Гужва.

Киевтің Шевченко аудандық соты "бопсалау" айыбы тағылған "Страна.ua" интернет басылымының бас редакторы Игорь Гужваны екі айға қамады. Сот шешіміне сәйкес, Гужва 20 мың доллар көлеміндегі кепіл ақша төлеп, қамаудан босап шыға алады. Оның адвокаты кепіл ақша жақын уақытта енгізіледі деп хабарлаған.

Тергеу болжамы бойынша, Гужва бір саясаткерден «ол туралы әшкерелейтін материал баспауға уәде етіп, пара алған». Журналист өзіне қарсы істі "ойдан құрастырылған айыптау" деп атап, мұны халық депутаттарының бірі туралы жариялаған сыни материалдары үшін қудалау деп санайды.

Игорь Гужва украиналық "Мультимедиа инвест групп" холдингі иесі болған. Бұған дейін холдинг басылымдарының бірін "ресейшіл ұстанымы" үшін айыптаған. Гужваның медиа жобаларының инвесторы ретінде Ресей президенті Владимир Путинге жақын бизнесмен әрі саясаткер Виктор Медведчукты атайды. Бірақ Гужва оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG