Accessibility links

Сирияда үкімет пен оппозиция тұтқындарды босатты


Сирияның Ракка қаласы маңында. 18 маусым 2017 жыл.
Сирияның Ракка қаласы маңында. 18 маусым 2017 жыл.

Сирия үкіметі Башар Асад режиміне мойынсұнуға уәде еткен 670-тен аса тұтқынды босатқан. Олардың қандай айыптармен қамауда болғаны айтылмайды.

Сирия оппозициясы, Батыс елдері мен құқыққорғаушылар Асад режимін саяси себептерге бола ондаған мың азаматты ешқандай сот немсесе тергеусіз түрмелерге қамап, мыңдаған адамды азаптап, қинаумен айналысады деп айыптайды. Дамаск бұл айыптауды жоққа шығарады.

Сенбі күні сириялық көтерілісшілердің азаматтық комитеті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының Сириядағы бас тірегі болған Ракка қаласындағы ауданда өздерінің қолына түскен 80-нен астам адамға рақымшылық жасап, босатқан. Бұл рақымшылық АҚШ-тың қолдауына сүйенген сириялық көтерілісшілер Ракка үшін шайқасты исламшыл жихадшыларды тықсырып жатқан тұста жарияланып отыр.

XS
SM
MD
LG