Accessibility links

Ауғанстанда "Салма" су бекетіне қарулы шабуылдан он полицей өлген


Герат уәлаятындағы "Салма" су электр станциясы. Ауғанстан, 3 маусым 2016 жыл.
Герат уәлаятындағы "Салма" су электр станциясы. Ауғанстан, 3 маусым 2016 жыл.

Ауғанстанның батыс бөлігіндегі Герат уәлаятында "Талибан" қозғалысы содырларының "Салма" су электр станциясы маңындағы бақылау-тексеру бекетіне жасаған шабуылы салдарынан 10 полиция қызметкері өліп, төртеуі жараланған. Бұл туралы ауғанстандық ресми тұлғалар мәлімдеді.

Герат губернаторының өкілі Фархад Джаиланидің айтуынша, шабуыл жасаған топтан төрт адам оққа ұшқан. Содырлар қару сақталатын қойманы басып алып, ол жерден қару-жарақ алып кеткен.

"Талибан" қозғалысы әзірше бұл оқиғаға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Жобалық құны 300 миллион доллар тұратын, құрылысы 2016 жылы аяқталған "Салма" су электр станциясына "Талибан" күштері бұған дейін де шабуыл жасаған соң нысанның күзеті күшейтілген.

Биіктігі 100 метр, ені - 540 метр болатын бұл су қоймасы 42 мегаватт электр қуатын өндіреді және оның көмегімен Герат уәлаятында 75 мың гектар алқап суарылады.

XS
SM
MD
LG