Accessibility links

Ұлыбританияда өрт қауіпсіздігі талабына сай емес ондаған ғимарат анықталды


Лондонда өртенген Grenfell Tower ғимараты. Ұлыбритания, 17 маусым 2017 жыл.
Лондонда өртенген Grenfell Tower ғимараты. Ұлыбритания, 17 маусым 2017 жыл.

Британ билігінің мәліметінше, елде өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін биік ғимараттар саны 60-қа жетті. Бірер күн бұрын бұл көрсеткіш 34 болған еді. Ұлыбританияның қауымдар ісі жөніндегі министрі Саджид Джавидтің сөзіне қарағанда, бұл ғимараттардың сыртқы жабындарын сараптау кезінде олардың материалдың жанғыштық қасиетіне қойылатын талаптарға қайшы келгені анықталған.

Telegraph газетінің хабарлауынша, сарапшылар ғимараттардың сыртқы жабындарын алмастыру мәселесін шешу үшін үкіметке 765 миллион доллар қаржы керегін айтады.

Ұлыбританияда биік ғимараттарды Лондондағы Grenfell Tower ғимаратындағы өрттен соң шұғыл тексеріп жатыр. Өрттен кем дегенде 79 адам қаза тапқан. Болжам бойынша, өрттің ғимаратта жылдам таралуына дыбыс естілмеу үшін және жылу сақтау үшін сыртын қаптаған панельдер себеп болған.

XS
SM
MD
LG