Accessibility links

ФСБ: Петербургтегі жарылысты Telegram арқылы ұйымдастырған


Санкт-Петербург метросында жарылыс болғаннан кейінгі сәт. 3 сәуір 2017 жыл.
Санкт-Петербург метросында жарылыс болғаннан кейінгі сәт. 3 сәуір 2017 жыл.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған теракт Telegram мессенджері арқылы дайындалған деп тұжырым жасады.

"Интерфакстің" ФСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, арнайы қызметте терроршылар Петербург метросында жарылыс жасауға дайындалу барысында шетелдердегі кураторларымен Telegram мессенджері арқылы байланыс орнатқаны туралы "сенімді ақпарат бар. Метродағы терактіден 16 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Құрбандар арасында Қазақстан азаматы да бар.

ФСБ халықаралық террористік топтар Ресей территориясында Telegram мессенджерін белсенді қолданатынын айтады. Бұл мессенджерде берілетін ақпаратты сыртқы аңдудан қорғау деңгейі өте жоғары.

Бұған дейін Роскомнадзор мекемесі Ресейде Telegram мессенджерін бұғаттауы мүмкін ескерткен еді. Бірақ ФСБ әзірге бұған қатысты комментарий бермеді.

Telegram-нің негізін салған Павел Дуров бұған жауабында ақпаратты толық шифрлау жүйесі Telegram-да ғана емес, басқа мессенджерлерде де барын, ал терроризмді толық бұғаттау арқылы жеңу үшін интернетті бұғаттау қажетін айтты. Ол сонымен қатар мессенджер террористермен байланысы бар чатарды үнемі бұғаттап отыратынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG