Accessibility links

АҚШ-та ресми сайттарды бұзып, ИМ-ді қолдайтын жазба ілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-та бірнеше үкіметтік үкіметтік сайтты әлдекімдер бұзып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қолдау білдірген хабарлама қалдырған.

Өзін Team System DZ деп атаған топ Огайо штатының губернаторы Джон Кейсиктің сайтына президент Дональд Трамптың "мұсылман елдерінде төгілген әрбір тамшы адам қаны үшін жауап беретіні" жазылған мәлімдеме жариялаған. Мәлімдемеде "Мен Ислам мемлекетін жақсы көремін" деп те жазылған. Хабарлама ИМ символикасында қолданылатын ақ және қара түспен жазылған.

БАҚ мұндай мазмұндағы хабарламалар Огайо штатындағы басқа да ресми сайттарда, Нью-Йорк штатының Брукхейвен муниципалды ауданы, Мэриленд штатының Хауард-Каунти ауданындағы мемлекеттік мекемелер сайттарына ілінгенін хабарлады.

Team System DZ хакерлік тобы бұған дейінгі хакерлік шабуылдардың жауапкершілігін мойнына алған.

XS
SM
MD
LG