Accessibility links

Қытайда қатерлі іскке шалдыққан құқық қорғаушыны түрмеден босатты


Лю Сяобо, қытайлық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты.
Лю Сяобо, қытайлық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты.

Қытай билігі Нобель сыйлығының иегері, құқық қорғаушы Лю Сяобо бауыр қатерлі ісігіне шалдыққан соң түрмеден босатты. Адвокат Мо Шаопинг Лю Сяобоға қатерлі ісік диагнозы өткен айда қойылғанын және одан бірнеше күннен соң оны түрмеден босатқанын айтты.

61 жастағы белсенді, сегіз жыл түрмеде отырған Лю Сяобо қазір Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шэньян қаласының ауруханасында емделіп жатыр.

"Оның ешқандай жоспары жоқ. Ол тек емделіп жатыр" деді адвокаты.

Қытайдағы ең әйгілі саяси тұтқын Лю Сяобо 2009 жылы "үкіметті құлатуды көздейтін әрекеттер жасады" деп айыпталып, 11 жылға сотталған.

2010 жылы ол бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталып, Қытай үкіметі оған наразылық танытқан. Бірақ Лю Сяобо сыйлығын алмады.

XS
SM
MD
LG