Accessibility links

Мэй Солтүстік Ирландияның юнионистер партиясының қолдауына ие болды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбритания парламентінің өкілдер палатасында сөйлеп тұр. Лондон, 26 маусым 2017 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбритания парламентінің өкілдер палатасында сөйлеп тұр. Лондон, 26 маусым 2017 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Солтүстік Ирландияның Демократиялық юнионистік партиясымен келісім жасасып, өзінің азшылықты құрайтын үкіметі мен өзі ұсынған заңдарын қолдауға ие болды. Мэй үкіметі қолдаудың қарымтасына Солтүстік Ирландия экономикасының дамытуға қаржы бөліп, инфрақұрылымына, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына инвестиция салуға міндеттеме алды. Лондон бұл мақсатқа бұған дейін уәде берілген 500 миллион фунт стерлингке қосымша бір миллиард фунт стерлинг бөлетін болды.

Мэй мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында Консервативтік партиясы парламенттегі көпшілік орынға ие бола алмай қалған соң Солтүстік Ирландияның партиясымен альянс құруға мәжбүр болды. Солтүстік Ирландиядағы ең ірі протестанттық партияны құрайтын юнионистердің 10 даусы болмаса Мэй үкіметі парламентте көпшілік орынға ие бола алмай қалады. Екі партияда Ұлябритания үшін маңызы бар мәселелерде, оның ішінде Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы мәселесі бойынша дауыс беруде басымдық ие болу мүмкіндігі бар.

XS
SM
MD
LG