Accessibility links

Лавров Тиллерсонды Асад әскеріне қарсы "арандатушылықты тоқтатуға" шақырды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.

Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, министр Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Сирия үкіметі әскеріне қарсы "арандатушылықтың алдын алу шараларын жасауға" шақырды. Әзірге АҚШ мемлекеттік департаменті бұған ресми комментарий бермеді. Израиль 25 маусымда өз әскері оккупациялап алған Голан жоталары аймағына Сирия жағынан снарядтар атылуына жауап ретінде Сирия армиясының шептерін атқылағанын мәлімдеген.

Бір аптада Лавров пен Тиллерсон екінші рет телефонмен сөйлесіп отыр. Лавров бұған дейін америкалық әскерилерді Сирия үкіметі әскерінің "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы операцияларына кедергі келтірді деп айыптаған. АҚШ әскерилері соңғы апталарда Сириядағы операцияларын күшейтіп, оның ішінде ұшқышсыз басқарылатын бірнеше ұшақ пен Сирия үкіметі әскерінің истребительдерін атып түсірген.

Лавров пен Тиллерсон сонымен қатар әңгіме кезінде Сириядағы күші қайта бастаған бітімді нығайту және "террорлық топтармен, улайтын қаруларды қолданумен күресті күшейту" қажет дегенге келіскен.

XS
SM
MD
LG