Accessibility links

Бішкекте Текебаев пен Чотоновтың ісі бойынша сот жалғасады


Омурбек Текебаев сотта қамауда отыр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.
Омурбек Текебаев сотта қамауда отыр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.

Бішкекте сейсенбіде оппозициялық саясаткерлер, коррупциялық қылмыс жасады деп айыпталған Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновтың ісі бойынша кезекті сот процесі жалғасады.

Бұған дейінгі сотқа Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева куәгер ретінде қатысып, соттан істі әділ түрде қарауды сұраған. Сот сотталушылар адвокатының президент Алмазбек Атамбаевты процеске куәгер ретінде шақырту туралы өтінішін орындаудан бас тартқан.

Омурбек Текебаевқа "Мегаком" компаниясы ісі бойынша "пара алған" деген айып тағылған. Ол ақпанның 26-сынан бері Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бішкектегі тергеу абақтысында қамауда отыр. Онымен қоса оппозициялық саясаткер Дуйшенкул Чотонов та тұқындалған. Сот тыңдауы маусымның 5-і күні Бішкектің Бірінші май аудандық сотында басталған. Екі саясаткер де өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, билік оларды "саяси астар" бойынша қудалап жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG