"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының Сирияның шығысындағы түрмесін әуеден бомбалаған кезде кемінде 57 адам қаза тапты деп хабарлады "Сириядағы адам құқығын бақылау орталығы".
Орталық дерегінше, қаза тапқандардың 42-сі - тұтқын, 15-і - радикал топ мүшелері. Ал АР агенттігі жергілікті белсенділерге сілтеме жасап, "қаза тапқандардың бәрі - тұтқындар" деп хабарлады.
АҚШ бастаған халықаралық коалиция дүйсенбі күні таңертең Сириядағы нысандарға шабуыл жасаған. Коалиция "ИМ объектілеріне шабуыл жасалғанын, бейбіт тұрғындардың қазасы жайлы хабар тексеріліп жатқанын" айтты.