Accessibility links

Атамбаев Ресейден қырғыз-тәжік шекарасын нығайтуды сұраған


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей әскерін Қант кентіндегі әуе базасына жіберудің орнына Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасына орналастыруды ұсынған. Атамбаев бұл туралы Ресейге барған сапарының қорытындысы жөнінде журналистерге берген сұхбатында айтты.

"База жөнінде әңгіме болды. Біз Қанттағы әуе базасын жаңарту керектігін білеміз. Бірақ оны нығайтудың қандай маңызы бар? Бішкекті кімнен қорғайды? Бізге Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысын нығайту керек. Мен Ауғанстанға қатысты алаңдаймын. Тәжікстан қорғанысын ұзақ ұстап тұра алатынына күмәнім. Біз әрине, Тәжікстанға көмектесеміз. Бірақ Құдай сақтанғанды сақтаймын дейді" деді Қырғызстан президенті.

Бірақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Атамбаевтың Ресей әскерін қырғыз-тәжік шекарасына ауыстыру жөніндегі ұсынысы жөнінде түсініктеме бермеді.

Ал Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскері басқармасының басшысы Мұхаммад Улугходжаев Атамбаевтың ұсынысын тек БАҚ арқылы білгенін айтады. Оның сөзінше, бұл ақпарат басшылыққа жіберілген.

Тәжікстанның шекара әскері командирінің бұрынғы орынбасары Нуралишо Назаров ресейлік әскерилер 2005 жылы тәжік-ауған шекарасынан кеткеннен кейін, Қырғызстан мен Қазақстанға орналасқанын айтады. "Егер Ресей әскері қырғыз-тәжік шекарасына баратын болса, онда Қырғызстанмен бірге Тәжікстан да қорғалады" дейді ол.

XS
SM
MD
LG