Accessibility links

Украина мен бірнеше елдегі компанияларға кибершабуыл жасалды


Көрнекі сурет.

Украина премьер-министрі Владимир Гройсман өз елі "бұрын-соңды болмаған" кибершабуылға ұшырағанын, бірақ өмірлік маңызы бар "компьютер жүйелеріне" ешнәрсе болмағанын мәлімдеді.

27 маусымда Украинаның үкіметтік компьютер желілері, банктердің, ірі өндірістік кәсіпорындардың, пошта қызметінің, Киев халықаралық әуежайы мен метро жүйесінің вебсайттары кибершабуылға ұшырады. Сонымен қатар бірнеше мемлекет пен халықаралық компанияларға да кибершабуыл жасалды.

Украина премьер-министрінің орынбасары Павел Розенко 27 маусымда министрлер кабинетіндегі барлық компьютер бұғатталып, мониторда қолданушыға егер компьютерін өшірсе барлық ақпараты жойылатынын ескерткен хабарлама пайда болғанын айтты. Розенко үкімет хатшылығындағы барлық компьютерлік желінің ажыратылғанын, желіге хакерлік шабуыл жасалған, я қауіпсіздік жүйесі оны ажыратқан болуы мүмкін екенін айтады.

Украинаның орталық банкі украиналық бірнеше банктің де "белгісіз вирус" пайдаланылған хакерлік шабуылға ұшырағанын хабарлады. Хакерлік шабуылдан "клиенттерге қызмет көрсету және бірқатар операцияларды атқаруда" қиындықтар туындаған.

Украинадан өзге АҚШ; Нидерланд, Германия, Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Франция, Ресей және Үндістанда орналасқан халықаралық компанияларға да осыған ұқсас кибершабуыл жасалғаны хабарланды.

Ресейдің мемлекеттік "Роснефть" компаниясы, Копенгагенде орналасқан Maersk халықаралық теңіз тасымалы компаниясы, Францияның индустриалдық Saint-Gobain компаниясы, АҚШ-та орналасқан фармацевтикалық Merck компаниясы мен Ұлыбританияның жарнама саласындағы алып WPP компаниясының серверлеріне кибер шабуыл жасалды.

Швейцарияның IT саласындағы MELANI компаниясы WannaCry вирусына ұқсас Petya вирусы тағы да пайда болғанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG