Accessibility links

ОСК сенат депутаттығына сайлаудың алдын ала нәтижесін шығарды


Константин Петров, ОСК мүшесі. Астана, 28 маусым 2017 жыл.
Константин Петров, ОСК мүшесі. Астана, 28 маусым 2017 жыл.

14 облыста бүгін өткен парламент сенаты депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесі шықты деп хабарлады Астанада журналистерге Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Константин Петров. "Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында дауыс санау жалғасып жатыр" деді Петров.

Сайлау туралы заңға сай, сайлау комиссияларының дауысты санау жөніндегі хаттамалары ОСК-ға екі күннен кешіктірілмей жолдануы тиіс. ОСК олардың негізінде сайлау өткен күннен бастап жеті күн ішінде сайлау қорытындысын шығарады.

Петровтың сөзінше, әзірге Ақмола облысынан кандидат Дәурен Әділбеков ең жоғары дауыс (шамамен 94 пайыз) жинаған. Ең аз дауысты Маңғыстау облысындағы кандидат Бақытбай Шелпеков (76 пайыз) жинаған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, өзін-өзі ұсынған Ерік Сұлтанов сайлаушылардың 84,6 пайыз даусын алған.

Қазақстан бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың 3 мыңнан астам депутаты 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан сенаттың 16 депутатын сайлайды. Сенаттағы 47 депутаттың 32-сін мәслихат депутаттары сайлайды, қалған 15-ін президент тағайындайды.

XS
SM
MD
LG