Accessibility links

ІІМ: Жамбыл облысында қылмыстық топ өкілдері ұсталды


Жамбыл облысының картасы (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының картасы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысында арнайы операция барысында "қылмыстық топты қаржыландырумен айналысқан" ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды деп хабарлады ішкі істер министрлігінің (ІІМ) мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

ІІМ өкілінің ақпаратына қарағанда, қылмыстық топ ұзақ уақыт қалааралық автобустардың жүргізушілерінен белгілі мөлшерде түрмеде отырған ықпалды тұтқындарға ақша жинап келген.

Садубаевтың айтуынша, қылмыстық топ жылына он миллион теңгеден астам қаржы жинаған.

Күдіктілерден "ақша мен заңға қайшы әрекет жасағанын дәлелдейтін заттай айғақтар" тәркіленген.

XS
SM
MD
LG