Accessibility links

Лавров: Путин мен Трамп Гамбургте кездеседі


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Владимир Дональд Трамп Гамбургте "Үлкен жиырмалық" саммиті аясында кездеседі деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Лавровтың пікірінше, "Вашингтондағы русофобия" Ресей мен АҚШ-тың әлемдік маңызды мәселелерді бірге шешуіне кедергі келтіріп отыр.

26 маусымда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Димитрий Песков 7-8 маусымда Путин мен Трамп Гамбургте кездесуі мүмкін екендігін жоққа шығармаған. Өйткені олар "бір уақытта бір қалада, бір шарада болады" деді ол. Бірақ кездесу форматы қандай болатыны әзірге белгісіз.

Бір апта бұрын Кремль АҚШ-тың Ресейге жаңадан санкциялар салуына жауап ретінде сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннонмен кездесуін болдырмай қойған.

XS
SM
MD
LG