Accessibility links

ОСК сайлау күні "хакерлік шабуыл" жасалғанын мәлімдеді


Орталық сайлау комиссиясының кеңсесі. Астана, 28 маусым 2017 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының кеңсесі. Астана, 28 маусым 2017 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) сайтына сенат сайлауы күні хакерлік шабуыл жасалды деп мәлімдеді ОСК-нің инженерлік-техникалық орталығының директоры Ерлан Қсомұратов. "28 маусым күні сағат 13:13-те кибершабуыл жасау және мәліметтер базасына рұқсатсыз кіру үшін ОСК интернет-ресурсын скан жасап, әлсіз тұсын іздеу әрекеті тіркелді" деді Қосмұратов Астанада журналистерге. Оның сөзінше, "кибершабуыл" электронды сайлаушыларға әсер етпеген.

ОСК төрағасы Берік Имашев "қаскүнемдерді" жауапқа тартуға шақырған.

28 маусымда өткен сайлауда сенатқа 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан 16 депутат сайланды. Дауыс беруге үш мыңнан астам мәслихат депутаттары қатысты.

ВИДЕО: Алматыдағы сенат сайлауына дауыс беру (28.06.2017)

Алматыдағы сенат сайлауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:58 0:00

XS
SM
MD
LG