Accessibility links

Қазақстан парламенті демалысқа шықты


Қазақстан парламенті палаталарының біріккен отырысы.
Қазақстан парламенті палаталарының біріккен отырысы.

Қазақстан парламентінің қос палатасы - сенат пен мәжіліс жұмада екінші сессиясының соңғы отырысын өткізіп, жазғы демалысқа шықты.

Палаталардың біріккен отырысында сөйлеген мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин парламент сессия барысында 111 заң жобасын қарап, оның 84-ін мақұлдағанын айтты. Парламент мақұлдаған 84 заң жобасының 66-сына президент қол қойып, қабылданған.

Парламенттің біріккен отырысына премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Парламент қыркүйекке дейін демалыста болады.

XS
SM
MD
LG