Accessibility links

Наразы белсенділер "Нұр Отанға" тағы барды


Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы филиалының алдындағы наразылық акциясы. 30 маусым 2017 жыл.
Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы филиалының алдындағы наразылық акциясы. 30 маусым 2017 жыл.

Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдына жұма күні бір топ кісі жиналып, "әділетсіздікке, заңның орындалмайтынына" наразылық білдірды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналған 30 шақты тұрғын "Қазақстанда заңсыздық үстемдік құрғанын", "соттардың әділетсіз шешім" шығаратынына" наразылық білдіріп, президент Нұрсұлтан Назарбаевтан араша сұраған, прокуратураны диалогқа шақырған плакаттар ұстап шықты. Акцияға қатысушылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына бұл жайында хат жолдағанын айтты.

Наразылармен сөйлесуге "Нұр Отанның" Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев шығып, "тұрғындар мәселесін шешуге тырысып жатқанын", жақында құқық қорғау органдарының өкілдерін шақырып, кездесу өткізгенін айтты.

Наразы тұрғындар былтыр да күзде "Нұр Отан" партиясының ғимаратында "Сот құқықтық жүйесі" деген жазуы бар плакатты еденге тастап, үстіне бірнеше қолғап лақтырған. Белсенділер мұны "әділетсіз шешім шығарған судьяларды бетпе-бет сөйлесуге шақырудың белгісі" деп түсіндірген. Одан бұрын да "Нұр Отан" кеңсесіне келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу-хат жолдаған. Оған өз қолдарын тіліп, қанмен қол қойған. Хатта әділет органдарының шешіміне наразы екендіктерін білдірген.

ВИДЕО: Наразы белсенділердің қолдарын тіліп, хатқа қанмен қол қою акциясы (29.08.2016)

Хатқа қанмен қол қою
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

XS
SM
MD
LG