Accessibility links

Сара Назарбаева: "Өзін-өзі тануды" университетке енгізу қажет


Сара Назарбаеваның (сол жақтан екінші) Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путинамен (сол жақта) бірге тұрған сәті. Алматы. 29 сәуір, 2004 жыл.
Сара Назарбаеваның (сол жақтан екінші) Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путинамен (сол жақта) бірге тұрған сәті. Алматы. 29 сәуір, 2004 жыл.

Бүгін Алматыда "Өзін-өзі тану" рухани білім беру кеңесінің республикалық оныншы форумы өтті. Бұл пәннің авторы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева екені айтылады. Форумда сөз сөйлеген Сара Назарбаева аталған пәнді мектептер мен балбақшада ғана емес, енді университетке де енгізу қажеттігін айтты.

Алматы телеканалы Сара Назарбаеваның «Өзіңдегі адам үнін сезін. Неден бақытты, неден бақытсыз екеніңді анықта. Сосын барып балаларыңды түзу тәрбиелей аласың. Мұғалім болсаң, тіптен жөнің бөлек. Сондықтан да мен жалпыадамзаттық құндылық барлық сабақта, барлық емтиханда қабылдау емтихандарында басты пән болуы керектігін айтып жүрмін" деген сөзін келтірген.

Сара Назарбаева соңғы кездері көп алдына сирек шығатын болған. Tengrinews сайтының хабарлауынша, ол бұдан алдын 2016 жылы желтоқсан айында "Өзін-өзі тану" рухани білім беру кеңесінің тоғызыншы есеп беру кеңесіне қатысқан.

XS
SM
MD
LG