Accessibility links

Путин Ембі полигонын пайдалануды доғару туралы хаттаманы бекітті


Ресейлік әскерилер жаттығуы. (Көрнекі сурет.)
Ресейлік әскерилер жаттығуы. (Көрнекі сурет.)

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның Ембі полигонын жалға алу және пайдалану туралы 1990 жылдардың ортасында екі ел арасында жасалған келісімнің күшін тоқтату туралы хаттаманы бекітті деп хабарлады бүгін ресейлік және қазақстандық ақпарат агенттіктері.

Хаттамаға сәйкес, ресейлік әскерилер пайдаланып келген 300 мың гектардан астам жер мен полигондағы дүние-мүліктің бәрі Қазақстанға қайтарылады. Полигон аумағында зениттік-зымыран кешендері, әуе шабуылынан қорғану құралдары, жедел-тактикалық зымырандары сынақтары, сонымен бірге әскери жаттығулар өткізіліп келген.

Ресейдің РИА Новости агенттігінің ақпараты бойынша, полигонды пайдалануды доғару Ресейге жыл сайын жүздеген мың доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.

XS
SM
MD
LG