Accessibility links

Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы атанды


Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі жеңімпазы мен жүлдегерлеріне берілетін белбеулер.
Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі жеңімпазы мен жүлдегерлеріне берілетін белбеулер.

Астанада бүгін қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы - 2017" республикалық турнирдің финалдық белдесуінде Ұлан Рысқұлды мерзімінен бұрын ұтқан Еламан Ерғалиев жарыс жеңімпазы атанды. Үшінші орынды Айбек Нұғымаров иеленді.

Бүгінгі жарыста әр белдесуде жеңіске жеткен балуанға 100 мың теңге ақшалай жүлде табыс етілді. Турнир қорытындысы бойынша чемпионға алтын белбеу мен алтыннан құйылған "тайтұяқ" және 25 миллион теңге табыс етіледі, ал оның бапкеріне үш жарым миллион теңге беріледі. Екінші орын алған балуан күміс белбеу мен бес жарым миллион теңге, үшінші орын иесі –қола белбеу мен бір миллион 800 мың теңге олжалайды.

"Қазақстан барысы - 2017" республикалық балуандар турнирі осымен жетінші рет өткізілді.

XS
SM
MD
LG