Мадридте Еуропада бұрын-соңды болмаған ең үлкен гей-парад өтті. Парадқа жүздеген мың адам қатысты. Теңдік маршына кәсіподақтар мен испан саясаткерлері де шықты.
Парадқа қатысушылар жыныстық азшылық өкілдеріне қолдау білдіріп, түрлі-түсті тулар мен ұрандар ұстап шықты. Қатысушылар арасында Ресей туы мен Шешенстандағы гейлерді қолдаған плакаттар да болды. Шеру бірнеше сағатқа созылып, концертпен аяқталды.
Испания - Еуропадағы бір жыныстылар некесін заңдастырған алғашқы елдердің бірі.