Accessibility links

SOHR: АҚШ қолдайтын әскер Ракканың оңтүстік бөлігіне кірді


Ракка шетінде жүрген АҚШ қолдайтын араб және күрд альянсының жасақтары. Сирия, 27 маусым 2017 жыл.

АҚШ қолдайтын сириялық арабтар мне күрдтердің "Сирия демократиялық күштері" альянсы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бақылауындағы Ракка қаласына оңтүстік жағынан кірді. Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы 2 шілдеде альянс жасақтары қалаға кіру үшін Евфрат өзенінен өткенін хабарлады. "Бүгін олар бірінші рет Ракканың шығыс бөлігіне кіріп, "Әл-Хал" базарын басып алды" деп хабарлады ұйым жетекшісі Рами Абдел Рахман.

Альянс жасақтары соңғы бірнеше айдан бері Ракканы қоршауға алмаққа әрекеттеніп жатыр. Өткен айда альянс қалаға шығыс жағынан солтүстік жағынан енген. 2 шілдеде араб-күрд альянсы батыс және шығыс майданды күшейту үшін мың адамнан тұратын қосымша күш тартқанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG