Accessibility links

БАҚ: Ресейден капиталдың жылыстауы тоқтайтын емес


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шетел инвесторлары ақпан айының соңынан бері Ресейден 1 миллиард 600 миллион доллардың акциясын шығарып әкеткен деп хабарлады Emerging Portfolio Fund Research ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасаған ресейлік "Коммерсант" басылымы. Соңғы үш жарым жылда Ресейден мұндай көлемде қаржы шығарылмаған.

Сонымен қатар басқа дамушы елдердің активтеріне құйылған инвестиция көлемі ұлғайып келеді. 26 маусым мен 2 шілде аралығында мұндай елдердің активтеріне екі миллиард доллар, ал төрт айда 28 миллиард доллар салынған.

Басылым инвесторлардың Ресейден кетуі Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы жақсарады деген үміттің сөнуімен, мұнай бағасының арзандауымен және "Роснефть" компаниясы мен АФК "Система" қаржы-өнеркісіп тобының арасындағы жанжалдың шиеленісуімен байланысты деп жазады.

Нарық ойыншыларының болжамынша, Ресей активтері бұдан ары да жаппай сатылуы мүмкін. Шілдеде АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Ресейге өткен жылы АҚШ-тағы президент сайлауына киліккені үшін Мәскеудің Украина мен Сириядағы әрекеттеріне жауап ретінде жаңа санкциялар салуды қарастырады. АҚШ сенаты жаңа санкцияларды ендігі мақұлдап қойған.

XS
SM
MD
LG